Құқықтың түсінігі және оның белгілері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Құқықтың түсінігі және оның белгілері 5
2 Объективтік және субъективтік құқық 12
3 Құқықтың қалыптасуы тарихы 15
4 Құқықтың пайда болуы туралы теориялар 21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


Кіріспе

Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғам дық қатынастарды реттейтін тәртіп ереже лерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:

біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;

екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Құқық тарихи жағынан, таптық құбылыс ретінде пайда болды және экономикалық үстем таптың еркін және мүддесін қорғады.

Егер ғұрып адамдардың сезімінде, тәртібінде ұсталса, құқық нормалары көпшілікке белгілі жазбаша дайындағаннан басталды.

Құқық ғұрыпқа қарағанда күрделілеу реттеуші, себебі, онда тыйым салудан басқа рұқсат беру және міндеттеу құқық жолдары пайдаланылады, соның негізінде қоғамдық қатынастарды әр түрлі деңгейде тәртіпке келтіруге мүмкіндік туады. Құқықтың пайда болуы - қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың қиындауының қайшылықтың артуының нәтижссі, алғашқы қауымдық нормалардың оларды реттеуге мүмкіндіктері аз болды.

Адам құқықтарының проблемаларын зерттеудің көпқырлылығына қарамастан, бұл тақырыпты зерттеушілер адам құқықтарын қорғаудағы сол құқықтық мемлекеттің өзінің қызметіне жете көңіл бөлмеген. Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады.

Жалпы, құқықтық мемлекет жөнінде азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей, оны түбегейлі орнату мүмкін емес.

Бір сөзбен айтқанда, заңның дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің кепілі болатын мемлекетті қалыптастыру- құқықтық мемлекетті орнату болып табылады.

Ал құқықтық мемлекет дегеніміз – жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.

Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-тармағы)мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948 ж.), «Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы», «Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы» (1966), «Балалар құқы декларациясы» (1959), «Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция» (1954 ж) және басқа бірқатар құжаттар қабылданды. Алайда «азаматтың құқы» азаматтың құқынан ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады

Осыған байланысты құқықтың дамуы барысында құқық түсінігінің бірнеше бағыттары қалыптасты

Міндеттері:

  • Құқықтың түсінігі және оның белгілерін зерттеу;
  • Объективтік және субъективтік құқықт талдау;
  • Құқықтың пайда болуы туралы теорияларды зерттеу.

Іздеу