Қылмыс істеу сатылары, қылмысқа қатысу (Мәлімет)

ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫ
§1. ҚЫЛМЫСТЫ ІСТЕУ САТЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
§2. ҚЫЛМЫС ІСТЕУГЕ ДАЙЫНДАЛУ
§3. ҚЫЛМЫС ІСТЕУГЕ ОҚТАЛУ
§4. АЯҚТАЛҒАН ҚЫЛМЫС
§5. ҚЫЛМЫС ІСТЕУДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ
ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУ
§1, ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ ТҮСІНІГІ
§2. ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ
§3. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
§4. ҚЫЛМЫСҚА БІРГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ШЕГІ
§5. ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЛРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ АРНАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
§б. ҚЫЛМЫСҚА ЖАНАСУШЫЛЫҚ


ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫ

  • 1. ҚЫЛМЫСТЫ ІСТЕУ САТЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

Қылмысты істеу сатылары деп қасақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі өтетін кезендерін айтамыз. Қасақаналықпен істелетін қылмыста бірнеше саты болады. Олар: қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу және қылмысты аяқтау.

Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни, адам қылмыс істеу үшін ен алдымен өзінің психологиялық ой-ниетін қалыптастырады.

Бұл адамның ішкі сезімін, ойын, ниетін білдіреді. Бірақ, осы сезім, ой-ниет адамның нақты мінез-құлқы, қимылы, әрекеті арқЫлы сыртгай көрініс бермеуі демүмкін. Сондықтанда адамның мұңдай сыртқа шықпаған ішкі жан-дүниесінің белгілі бір іс-әрекет арқылы сырттай көрініс бермеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Яғни, мұндай психологиялық сана-сезім, жалаң ой, қиял, қылмыстық құқық нормасынан тысқары болады, ол үшін қылмыстық жауаптылық жоқ.

Соңдықтан да сөз жүзінде жай айтылған, түсіңде көрген, қияли пиғыддар қылмыс деп саналмайды. Өйткені, мұндай жалаң ойдан, қасақаналық ниеттен қылмыстық заң қорғайтын объектіге ешқандай зиян келмейді және зиян келтірілу қаупі болуы да мүмкін емес. Сондықтан да қылмыстық ойдың болуы қылмыс істеу сатысына жатпайды. Өйткені, ондай ой, ниет нақты іс-әрекет арқылы сыртқа шықпай іште қалады, сондықтан да қылмыс сатысына жатпайды. Қылмыстық ой, ниетті табуды қорқыту арқылы ауыр қылмыс жасаумен шатастыруға болмайды. Қылмыстық занда қорқыту арқылы жасалған бірнеше біткен қылмыстардың құрамы көрсетілген. Мысалы, өлтіремін деп қорқыту (112-бап), куәні, жәбірленушіні, сарапшьшы, аудармашыны қорқыту (354-баптың 2-бөлігі), өкімет өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты немесе оның жақындарына қатысты өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолдану немесе қорқыту (321-бап), бастықты қоркыту (368-бап), т. б. Мұндай қорқытулар біткен қылмыстың құрамын құрайды. Осы қылмыстарды істеуші субъектілер жәбірленушіге психикалық зиян келтіру жолымен, қылмыстық ойын белгілі бір іс-әрекетпен байланыстыру арқылы біткен қылмыстың құрамын жасайды. Мысалы, 112-бапта «Өлтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сонымен бірдей адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздерінің бар екендігі кезінде» делінген. Бұл жерде қорқытудың, іске асатындығына кауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігіне деген сөздің өзі қылмыстық ниеттің белгілі бір іс-әрекетпен байланысын білдіреді, яғни оны  жүзеге асыру біткен қылмыстың кұрамын орыңдаушылық болып табылады. Осы жерде айта кететін бір мәселе бар. Ол қылмыстың қатарына тек аяқталған қылмыс қана емес, дайындалу, оқталу сатыларында жасалған, бірақ олардың аякталуы әр түрлі себептермен жүзеге аспай калған қылмыстар да жатады. Егер кінәлінің ыркына салса бұл әрекеттер аяғына дейін жеткізілер еді, бірақ оның бітпей қалуы кінәлінің еркінен тыс жағдайларда болатын әр түрлі бөгеттерге байланысты болады.

  • 2. ҚЫЛМЫС ІСТЕУГЕ ДАЙЫНДАЛУ

Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамнын еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады (24-бап, 1-бөлігі). Занда ауыр немесе ерекше ауыр қылмысқа дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық басталады деп көрсетілген (24-бап, 2-бөлігі). Занда дайындық әрекеттерінің негізгілері ғана берілген. Мұнда қасақана қылмыс жасауға туғызылатын жағдайлардың жалпы көріністері орын алған. Кінәлі адам күні бұрын ауыр, ерекше ауыр қылмыстарды жасау үшін өзіне өте қажетті жағдайларды жасайды. Мысалы,пәтергетүсіп, ұрлыкжасау үшін алдын ала иесіз пәтерді анықтап, құлыпты ашуға кезекті кілттерді немесе басқа да құралдарды дайынндайды, жалған ақша жасау үшін соны жасауға қажетті аспаптарды, жабдыктарды, қажетті материалдарды іріктейді, т. б. Сонымен, қылмыс істеуге дайындалу мынадай белгілермен сипатталады: Дайындық іс-әрекеттерін жасау; қылмысты тек тікелей қасақаналықпен істеу;   3)     оның қылмыс құрамын толық орындауға дейің үзіліп қалуы; 4)   қылмыс адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты істелмеуі. Дайындық  әрекеттері көп жағдайларда қылмыс құрамының объективтік жағының белгілерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты болады. Өзінің объективтік белгілеріне сәйкес қылмыс істеуге дайындық адамның мынадай үш түрлі әрекетгері арқылы жүзеге асырылады: қылмыс істеу үшін құралдар немесе қарулар іздестіру я лайықтау немесе қасақана бір жағдайлар туғызу.

Қылмыс істеу үшін құралдар мен қару-аспаптар іздестіру дегеніміз кез келген тәсілмен занды немесе заңсыз жолмен осы заттарды алуды айтамыз.

  • 3. ҚЫЛМЫС ІСТЕУГЕ ОҚТАЛУ

Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3, 4-бөліктері бойынша «Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет(әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады.

Қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін ғана басталады». Қылмыс істеуге оқталудың төрт түрлі белгісі бар. Бірінші іс-әрекеттің қылмыс істеуге тікелей бағытталуы қылмыс істеуге оқталғанда, қылмыс субъектісі қылмыс құрамын орындауға тікелей кіріседі және қылмыстық құкылық норма диспозициясының объективтік жағында көрсетілген элементтерін орындайды. Мысалы, кісіні өлтіруде оған қарай мылтық атады, ұрлық жасағанда есікті бұзып тұрғын жайға кіреді, көлік кұралын айдап әкетуде көлікті қозғалысқа келтіру әрекетін жасайды және тағы басқа әрекеттер. Қылмысқа оқталғандағы іс-әрекет қылмыстың зардабын туғызатын себептің көрінісін білдіреді. Егер ол іс-әрекет үзіліп қалмаса, онда қылмыс зардабының болуы сөзсіз болар еді.

Іздеу