Қылмыс ұғымы (Мәлімет)

ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ
§І. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЬІМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
§2. ҚЫЛМЫСТЫ БАСҚА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ БЕЙМОРАЛЬДЫҚ ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДАН АЖЫРАТУ
§3. ҚЫЛМЫС САНАТТАРЫ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
§1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ТҮСНІГІ
§2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗДЕРІ
§3. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ
§4. ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ
§5. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫЦ ТҮРЛЕРІ
ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ
§ 6 ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОИЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МАҢЫЗЫ
§1. ҚЫЛМЫСТЫҢ ЗАТЫ
§2. ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ІС-ӘРЕКЕІТІҢ ТҮСІНІГІ
§3. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАРДАПТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
§4. СЕБЕПТІ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫЛЫҚ МАҢЫЗЫ
§5. ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ ФАКУЛЬТАТИВТІК БЕЛГІЛЕРІ


  • 1. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЬІМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ

Қылмыстық құқықта негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға кауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу — қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уакытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.

Адамның құқыкқа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамың қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міңдетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық кұқык реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым жасалған.

Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы кұбылыстын, мәнді жақтарын бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.

  • 2. ҚЫЛМЫСТЫ БАСҚА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ БЕЙМОРАЛЬДЫҚ ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДАН АЖЫРАТУ

Қылмыс құқық бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмысты азаматтық-құқылык, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат қылыктардан ажырата білудің маңызы ерекше. Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың өзара басты айырмашылығы құқыққа қайшылықтың мәніне байланысты. Қылмыс әр уақытта да қылмыстық заңға қайшы болады. Басқа құқық бұзушылық құқық саласының басқа нормаларына, заңдар мен нормативті актілерге қайшы. Істелген қылмыстың зардабы болып мемлекеттің ен, ауыр күштеу шарасы — қылмыстық жаза және содан туындайтын сотталғандық атақ болып табылады. Басқа құқық бұзушылықта мұндай жазалау шаралары жоқ, ал қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ әкелмейді.

Кейбір қылмыстар басқа құқық бұзушылықта орын алмайтын қоғамдық қатынастарға (адамның өмірі, мемлекеттін, қауіпсіздігі) қол сұғады.

Қылмысты қол сұғушылықтың объектісі бойынша айқындалатын қоғамға қауіптіліктің сипаты мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратудың еш қиындығы жоқ. Кейбір реттерде құқық бұзушылықта да, кылмыста да бір объектіге қол сұғу мүмкін. Мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзу үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық белгіленген. Мұндай аралас кұқық бұзушылықта қоғамға қауіптіліктің дәрежесін дұрыс анықтаудың маңызы ерекше. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің негізгт көрсеткіші келтірілген зиян мөлшері болып табылады. Егер көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзуы, осының саддарынан жәбірленушінің денесі орта немесе одан жоғары дәрежеде жарақатталса немесе едәуір материалдық нұқсан келтірілсе іс-әрекет қылмыс қатарына, ал көрсетілгеннен гөрі аз зиян келтірілсе, әкімшілік тәртіппен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Сонымен, келтірілген зиян мөлшері қылмысты басқадай құқық бұзушылықтан ажыратуға мүмкіндік беретін бірден-бір белгі болып табылады. Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшінін лауазымды адамның өкілеттігін өз бетінше пайдаланып, заң қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіретін қасақана әрекеті қылмыс (309-бап), ал елеулі зиян келтірмеген басқа әрекеттер тәртіптік теріс қылық болып табылады. Өзінің нақты құқығын немесе басқа адам таласа алатын жорамалды құқығын, белгіленген тәртіптен тыс өз бетінше жүзеге асыру, бұл азаматтын, құқығының елеулі түрде бұзылуына әкеп соқтырса, қылмыс ретінде сараланады. Ал елеулі түрде бұзушылық жоқ болса, мұндай әрекет әкімшілік жолмен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Қылмыс пен басқа кұкык бұзушылықты бір-бірінен қоғамға қауіптілік дәрежесінін көрсеткіші арқылы ажыратуға да болады. Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексі  бойынша көп жағдайларда бірінші рет істеген құкық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалау шаралары қолданылған адамның дәл сол іс-әрекетті қайталап жасауы қылмысқа тартуға негіз болып табылатын. Мысалы, кәсіптік маңызы бар суларда рұқсатсыз немесе аулауға тыйым салынған кезде, я рұқсат етілмеген тұстарда балық аулау, су андарын аулау, суда жүргізілетін баска бір кәсіппен айналысу, егер бұл әрекеттер бұрында осындай тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жолмен айыппұл тартқаннан кейін істелген болса, ол қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылатын. Ондай болмаған жағдайда іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылатын. Еңді іс-әрекетке әкімшілік шарасы қолданылса, ол қайталану санына қарамастан қоғамға қауіптілік дәрежесіне ие болмайды, яғни қылмыс катарына жатпайды. Әскери қылмыстарды тәртіптік теріс қылықтан ажыратуға көп жағдайда іс-әрекеттің істелген уақыты, жағдайы, орны үлкен әсер етеді. Мысалы: соғыс уақытында өз бетімен кетіп қалу — қылмыс, ал бейбіт уақытта істелген осы әрекет тәртіптік теріс кылық болып табылады. Іс-әрекетті кылмыс немесе басқа құқық бұзушылық қатарына жатқызуға негіз болатын қоғамға қауіптіліктін дәрежесі қылмысты субъективтік белгілерге жататын кінәнің нысандарын, ниетпен мақсатты дұрыс аныктауға да байланысты. Мысалы, денені жеңіл түрде қасақана жарақаттау қылмыс, ал абайсызда денені жеңіл түрде жарақаттау қылмысқа жатпайтын іс — теріс қылык, мұндай ретте келтірілген зиянды өтеу азаматтық құқық тәртібімен реттеледі. Егер лауазымды адам пайдақорлык немесе басқа бір зұлымдық ниетпен құжаттарға жалғандық жасаса — қылмыс, ал ондай ниет болмаса, ол қылмыс болмайтын құқық бұзушьшықтың түрі болып табылады. Қылмыс пен бейморальдықтың ара қатысын дұрыс түсінудің де маңызы ерекше. Кез келген қылмыс бір мезетте моральға жат құбылыс болып табылады. Яғни, моральдық норманың ауқымы үлкен. Кезкелген құқық бұзушылық бір мезетте моральдық норманы бұзушылық негізінде бағаланады.

  • 3. ҚЫЛМЫС САНАТТАРЫ

Қылмыс санаттарын оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмысты санаттауға іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі немесе қылмыс құрамының жекелеген элементтері негіз болады. Қылмыстық заңда қылмысты санаттаудың үш түрлі көрінісі қалыптасқан. Ол біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне қарап қылмысты төрт түрлі санатқа бөлу, екіншіден, қылмыстың объектісі бойынша санаттау. Осы белгі бойынша барлык қылмыстарды Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде бірнеше санатқа бөлініп, объектісінін маңыздылығына қарай бірінен сон, бірі орын алған, мысалы адам өміріне қарсы, мемлекеттің егемендігіне, басқару тәртібіне, меншікке қарсы, әскери кылмыстар т.б. Үшіншіден, қоғамға қауіптілік дәрежесі бірдей қылмыстар, қоғамға қауіптілік сипаттарына қарай жай, күшейтілген (квалифицированные), артықшылық берілген (привилегированные) болып бөлшектенеді. Мысалы: кісі өлтіру, ауырлатпайтын және жеңілдетпейтін жағдайда кісі өлтіру, жеңілдететін жағдайда жан күйзелу, қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру бөлып бөлінеді, Қазақ ССР-інін 1959 жылы қабылдаған Қылмыстық кодексінде қылмыс санаттары деген мәселе көрсетілмеген еді. Тек қана 1972 жылы 4 қарашада Қылмыстық кодексте 7-1 деген жаңа бап енгізіліп, бапта ауыр қылмыстың түсінігі ғана берілді.

Іздеу