Қылмыстарды ашуда және тергеуде Ішкі істер органдарын ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері (Мәлімет)

Кіріспе
1 Қылмыстарды ашу мен тергеу қызметін ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету және ақпараттардың криминалистикалық маңыздылығы
1.1 Ақпарат туралы түсініктің генезисі және криминалистикалық ақпарат өзара әрекеттестігі
1.2 Криминалистикалық тіркеудің ғылыми негіздері
1.3 Ішкі істер органдарындағы тіркеу және есеп қызметін құқықтық реттеу
1.4 Ішкі істер органдарындағы тіркеу қызметінің ерекшеліктері
1.5 Қылмыспен күресті жүзеге асырушы Қазақстанның және шет елдік органдардың мәліметтік банкілері мен криминалистикалық есептері
2 Қазіргі таңдағы криминалистикалық есептер жүйесін құру және жетілдіру проблемалары
2.1 Тіркеу қызметін жүзеге асыру процесінде азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету
2.2 Криминалистикалық есептерді қылмыстарды ашуда және тергеуде қолдану
3 Қылмыстарды ашу және тергеу процесін ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігін көтерудің негізгі бағыттары
Қорытынды
Әдебиеттер


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ұсынылған зерттеу қылмыстарды ашуда және тергеуде ішкі істер органдарын ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған. Диссертациялық зерттеуде криминалистикалық есептерді қалыптастырудың негіздері және шарттары, сондай-ақ криминалистикалық тіркеудің теориялық дамуына құқықтық баға беріліп, құқық қорғау органдарындағы криминалистикалық тіркеудің құқықтық реттелуін жетілдіру шаралары бойынша ұсыныстар жасалынды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасыр тарихқа ғылыми – техника және технологиялық дамумен байланысты үлкен өзгерістер кезеңі ретінде кірді. Техниканың және технологияның дамуы қылмыстың жаңа түрлерін, қылмыс жасаудың жаңа әдіс тәсілдерінің туындауына ықпал етеді. Тиісінше аталған қылмысқа қарсы тұру үшін құқық қорғау органдарымен қылмыстарды ашу және тергеу процесін ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету дәрежесін жетілдіру қажет.

Экономикалық, әлеуметтік, саяси және моральдік – психологиялық сипаттағы криминогендік факторлар құқықтық тәртіп жағдайына, азаматтардың жеке қауіпсіздігіне және мемлекеттік қауіпсіздікке келеңсіз әсер етуде. Қылмыстың қанат жаюы мемлекетке және басқа да қоғамдық қатынастарға қауіп төндіру сипатын иемденуде осыған байланысты, Ішкі істер органдарын жетілдіру бойынша тиісті ұйымдастыру шаралары мен тәжірибек қызметінде орын алған проблемаларды шешудің жаңа теориялық өңдемелерін жасау міндеттері туындайды. Криминалистика және басқа да ғылымдардың соңғы жетістіктерін Ішкі істер органдарының тәжірибе қызметіне енгізу мен оны тез игеру қауіп төндіріп тұрған қылмысқа табанды түрде қарсы әрекеттер жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында қоғамды реформалаудың әлеуметтік маңызды проблемалардың бірі қылмыспен күрес болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті «Қылмыстың ұстамсыз өсуі мемлекетке және қоғамға, азаматтардың өмірі мен мүліктері үшін және Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруде» деп атай келе, «Заңның абсолютті жоғарлығын белгілеу және заңды бұлжытпай орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау. ... билікпен заңнамалардың барлық күшін өзіне заңсыз жолмен бақуатты өмір сүру жағдайын жасағандарға қолдану» керек екендігін көрсетті [1].

Ресми статистика соңғы жылдары жалпы қылмыстың тұрақсыздық тенденциясын байқатады. Республика бойынша 2004 жылы жалпы 143550 қылмыс тіркелсе, 2005 жылы олардың саны 146347 жетіп, 1,9 пайызға өскен ал, 2006 жылы 141271 қылмыс тіркеліп -3,5 пайызға төмендегендігін байқаймыз [2]. Дегенмен де, қылмыстық құбылыстардың латенттік дәрежесі жоғары екендігін айта кеткен жөн.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымды бағыттары ретінде ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі белгіленіп, оларды жүзеге асыруда Ішкі істер органдарына үлкен сенім білдірілген [3, 34 б]. Алайда, қылмыскерлердің жауаптылықтан бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша Ішкі істер органдарымен қолданылып жатқан шаралар әзірше кәсіби деңгейде көңіл толарлықтай емес. Қылмыс жасаған әрбір екінші қылмыскер анықталмаған немесе кінәлілер оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен. Қылмыскерлердің анықталуы және қылмыстың төмен дәрежеде ашылу себебінің бірі, криминалистикалық тіркеу саласында қалыптасқан кешенді проблемалар болып табылады. Себебі, қылмыстарды ашуды және тергеуді ақпараттық талдаумен қамтамасыз етуде, криминалистикалық есептерде жинақталған мәліметтерді дұрыс қолдану мен тиімді ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Соған орай, Ішкі істер органдарының тергеу және жедел қызметтерін ары қарай реформалау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алқа шешімімен ішкі істер органдарының жүйесінде тергеу және жедел қызметті ақпараттық – талдаумен қамтамасыз етуді жетілдіру негізгі бағыттардың бірі ретінде атап көрсетілді.

Іздеу