Қылмыстардың көптігі, жазаның жүйелері мен түрлері (Мәлімет)

ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІ
§1. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІП ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
§2. ҚЫЛМЫСТЫҢ БІРНЕШЕ МӘРТЕ ЖАСАЛУЫ
§3. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
§ 4. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ
ЖАЗАНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ
§ 1. ЖАЗАНЫҢ ТҮСІНІГІ
§ 2. ЖАЗАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ
ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
§1. ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
§ 2. АЙЫППҰЛ
§ 3. БЕЛГІЛІ БІР ЛАУЛЗЫМДЫ АТҚАРУ НЕМЕСЕ БЕСІНШІ БІР ҚЫЗМЕТПЕН АЙЫП АЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ
§ 4. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТУ
§ 5. ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
§ 6. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ БОЙЫША ШЕКТЕУ
§ 7. БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ
§ 8. ҚАМАУ
§ 9. ТӘРТІПТІК ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ ҰСТАУ
§ 10. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ
§11. ӨЛІМ ЖАЗАСЫ
§ 12. АРНАУЛЫ ӘСКЕРИ НЕМЕСЕ ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫНАН, СЫНЫПТЫҚ ШЕНІНЕН, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІНЕН, БІЛІКТІЛІК СЫНЫБЫНАН ЖӘННЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫННАН АЙЫРУ
§ 13. МҮЛІКТІ ТӘРКІЛЕУ


  • 1. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІП ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Бір адамның бір (жеке) немесе бірнеше қылмыс істеуі мүмкін. Жеке қылмыс деп қылмыстық занда көрсетілген бір әрекеттен, зардаптан, кінәнің нысанынан құралатын бір құрамды білдіретін және Ерекше бөлімнің бір бабымен ғана сараланатын қылмысты айтамыз.

Кейбір жағдайларда бір адам бірнеше қылмысты істеуі мүмкін, мұндай жағдайда олардың іс-әрекетін дұрыс саралау үшін қылмыстардың көптігінің түсінігін дұрыс анықтау керек. Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескірмеген немесе сотталғандықтан арылмаған немесе сотталғандығы жойылмаған жағдайда бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды істеуін қылмыстар көптігі деп айтамыз. Қылмыстардың көптігінің өзіндік белгілері: бір адамның екі немесе одан да көп әрқайсысы жеке-жеке құрам болып табылатын қылмысты істеуі болып табылады. Сондықтан әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеті қылмыстар көптігіне жатпайды. Сондай-ақ, қылмыстық жауапқа тарту мерзімі ескірген немесе сотталғандықтан арылған немесе ондай атағы жойылған іс-әрекеттер қылмыс көптігіне жатпайды.

Қылмыстардың көптігін жеке қылмыстардан ажырата білген жөн. Жеке қылмыстар мен қылмыстардың көптігін ажырату, тергеу, сот қызметінде аса маңызды роль атқарады. Кейбір жағдайларда оны ажырату белгілі бір тұрғыда қиындық та туғызады. Өйткені, жеке қылмыстардың өзі жай, күрделі құрамға, созылмалы, жалғасқан қылмыстар болып және басқа да түрлерге бөлінеді. Жай (бір) құрамда, бір объектіге, бір әрекет арқылы кінәнің бір нысанымен зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, 175-баптың 1-бөлігі бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау. Бұл жерде бір объектіге (біреудің меншігіне) бір әрекет (жасырын ұрлау) арқылы бір кінә нысанымен (қасақаналықпен) жәбірленушіге зиян келтіріліп отыр.

  • 2. ҚЫЛМЫСТЫҢ БІРНЕШЕ МӘРТЕ ЖАСАЛУЫ

Іс-әрекеттің құрылымына қарай қылмыстық құқық қылмыстардың көптігін мынадай үш нысанға бөледі: қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы, қылмыстың жиынтығы, қылмыстың қайталануы.

Қылмыстық кодекстің белгілі бір бабында немесе Ерекше бөлім бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті істеу қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады (11-бап, 1-белігі). Сол сияқты Кодекстің Ерекше бөлімінің түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыс жасау осы Кодексте арнайы көрсетілген жағдайларда ғана бірнеше рет жасалған деп танылуы мүмкін (11-бап, 2-бөлігі).

Осы заңның мазмұнына сәйкес қылмысты бірнеше мәрте жасады деп тану үшін бірінші және одан кейінгі қылмыстарды істеуде  уақыты жөнінен үзіліс болуы жөне қылмыстық жауапқа тартудың ескіруі болмаса, егер сотталған болса, сотталғаңдықтан арылмаса немесе сотталғандығы жойылмауы негізгі шарт болып табылады. Егер бұрын істелген қылмыстар үшін оны істеген адам қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылған болса немесе занда белгіленген тәртіп бойынша осы қылмыстары үшін сотталғандықтан арылса немесе сотталғандығы жойылса, қылмыс бірнеше әрте жасалды деп танылмайды. Сол сияқты жалғаспалы қылмыстар да бірнеше мәрте жасалған қылмыс болып табылмайды.

Қылмыстық құқықтар қасында бірнеше мәрте жасалған қылмыс жалпы және арнаулы болып екі түрге бөлінеді.

  • 3. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ

Қылмыстық Кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп таныл ады.

Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердің белгілері осы Кодекстің бір бабының немесе бабынын. бір бөлігінің неғұрлым қатаң жаза колдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса әрбір жасалған қылмыс үшін осы Кодекстіңтиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады (12-бап, 1-бөлігі).

Осы Кодекстің екі немесе оданда көп баптарында көзделген қылмыстардың белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) те қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бір әрекеттің белгілері осы Кодекс бабының басқа әрекет үшін неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса, әрбір қылмыс үшін осы Кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады (12-бап, 2-бөлігі).

Егер адам Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптарында, ал жеке реттерде баптардың бөлігінде көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істесе, оның бірде біреуі үшін сотталмаса немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс-әрекетіңде қылмыстың жиынтығы бар деп танылады. Басқа сөзбен айтқанда, қылмыстардың жиынтығында кінәлі түрде істелген іс-әрекетте екі немесе одан да көп қылмыстың кұрамы болады. Кінәлінің істеген іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген баптардың әр түрлі бөлігінің немесе бір баптың неше түрлі тармақшаларында көрсетілген қылмыс құрамының белгілеріне сәйкес болуы керек. Сол сияқты адамның істеген бірнеше әрекетінің біреуі біткен қылмыс та, басқасы қылмысқа дайындалуды, оқталуды немесе қылмысқа қатысуды түзетін болса, онда мұндай әрекетте қылмыстың жиынтығы болып табылады.

  • 4. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ

Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін сотталғандығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады(13-бап, 1-бөлігі).

Қылмыстың қайталануын білу үшін бұрын міндетті түрде сотталғаңдығы, бұрынғы істеген қылмысы үшін жазаны толық немесе ішінара өтеуі, соңғы қасақана қылмысты істегенде сотталғандық атағының болуы шарт. Яғни, қылмыетын қайталануы, көптік қылмыстардың ішіндегі ең қауіпті түрінің бірі. Қасакана қылмыс істеп, сол үшін сотталып, одан тиісті қорытынды шығармай, тағы да қасақана қылмыс істеудің өзі мұңдай адамдардың мемлекет, қоғам, жеке азаматтардың мүддесіне қауіптірек екендігін көрсетеді. Осыған орай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» № 1 қаулысына сәйкес соттардың назары бұрын сотталған, бірак түзелгісі келмейтін адамдарга занда көрсетілген жазалаудың қатаң шараларының қолданылуы керектігіне аударылды. Республика Жоғарғы Сотының жоғарыда аталған қаулысының II тармағында «соттар Қылмыстық кодекстің қылмыстың қайталануын (рецидивін) тану кезінде кез келген алынып тасталмаған немесе бұрын жойылған соттылықтар емес, олардың тек ересек жастағы жасаған қылмысына байланысты соттылық қана негіз болып табылатынын ескеруі керек» делінген.

Бұрын бас бостаңдығынан айырылуға сотталған адам деп — бұрын занды күшіне енген сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған: түзеу мекемесінде өтеуге жататын, оның ішінде, бұл жазаны ол адам өтемеген жағдайда да (мысалы, өтеуден жалтарса, ҚК-тің 73-бабы негізінде жазаны өтеуден босатылған жағдайда) ҚК-тің 75-бабына сәйкес үкімнін ескіру мерзімі өтіп кетуіне байланысты жазаны өтеуден босатылған реттерден басқа; шартты түрде (Қазақ КСР ҚК-нің 40-бабы немесе ҚР ҚК 63-бабы), үкімді орындауды кейінге қалдыру шарасын қолданып (Қазақ КРС ҚК-нің 41 -1, ҚР ҚК-нің 72,74-баптары); міндетті түрде еңбекке қатыстыру аркылы (Қазак ҚСР ҚК-нің 23-2-бабы) шартты сотталған адамды санау керек.

ЖАЗАНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ

  • 1. ЖАЗАНЫҢ ТҮСІНІГІ

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу кұралдарының бірі ретінде қодданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық санасезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдар мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.

  • 2. ЖАЗАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабында  жазаның мақсаты — әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жана қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін зандылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.

Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы занның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады, қылмыс істеген адамдарға қолданылуға тиісті жазамен өзге де қылмыстық құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді.

Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу актісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуінін құралы-сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылыска, коғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады.

Іздеу