Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері (Мәлімет)

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ТҮСІНІГІ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
§ I. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ
§2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЬІҢ МІНДЕТТЕРІ
§3. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ
§4. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ
§1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ ТҮСІНІГІ
§3. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КҮШІ
§4. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДЫ ТҮСІНДІРУ
§2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕҢІСТІКТЕГІ КҮШІ


  • I. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықгары мен бостаңдықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылыктан қорғауға бағытталған қоғамдык катынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық кұкық нормасы арқылы қоғамдыққатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құкықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстык жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орьшдауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстык жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстык жауаптылыктан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.

Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.

Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген кұқықтық функцияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құкық қылмыстық кұқықтың нормасы аркылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе кылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен корғануға құқьілы, Бұл мәселе тек қылмыстық құкықтык норма арқылы реттеледі.

Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз кажет. Кылмыстық құқық — бұл жалпы кұқық жүріесінің негізгі бір саласы және пән болыптабылады. Осы ұғымдардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.

Қылмыстық құқық пәнін құкық саласы ретінде карастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізгі приптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру кажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар кұкық саласы болып табылады.

  • 2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЬІҢ МІНДЕТТЕРІ

Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері болып:

Адам мен азаматтың құкықгарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін, коғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, коршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, коғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық кұқықтық ыкпал ету шаралары белгіленеді делінген.

Жаңа Қылмыстык кодексте қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде орын алған сапалық өзгерістер еске алынған. Яғни, азаматтардың жеке басы, олардың құкыктары мен бостандықтарын, занды мүдделерін қорғау бірінші кезекте қойылған. Қылмыстық-құқықытық қорғау объектісінің қатарына коғамдық тәртіп пен қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, Республиканың Конституциялық құрылысы мен аумактық тұтастығын,  қоғам мен мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттын, қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету міндеттері енгізілген. Яғни, қылмыстық құқықтың негізгі міндеті қылмыстық кұқықтык құралдардың көмегімен заңда көрсетілген осы маңызды объектілерді корғау, қылмыстылықпен барынша пәрменді күрес жүргізу болып табылады. Қылмыстық заңдарда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодекс кылмыстық жауаптылықтың негізін белгілейді. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттерді істеген адам осы занда белгіленген негізде ғана жауапка тартылады. Ол үшін қылмыстык заң жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін кандай кауіпті іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын белгілейді және оларды кінәлі түрде істегендерге жазалар мен өзге де қылмыстық-құкылық ьқпал ету шараларын белгілейді. Жаңа Қылмыстық кодекс бұрынғы кодекске қарағанда ізгілік принщіпі басшылыққа алына отырып,  қоғамға онша қауіпті емес іс-әрекеттер жасағандарға оларды қоғамнан оқшауламайтын жаза түрлерін (түзеу жұмысы, шартты жаза, міндетті жұмыс, шын жүректен өкінуіне немесе тараптардың келісімге келуіне байланысты қылмыстстық жауаптылықтан босату) қолдануға кең жол ашылған. Мұндай ізгілік қағидалар қылмыспен күресуге пәрменді әрі тиімді жағдай туғызады.

  • 3. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Қазақстан Республикасының қылмыстық ғылымы да басқа ғылым салалары сияқты өзіне жүктелген зор, жауапты міндеттерді атқарады. Қылмыстық ғылымның негізгі зерттеу объектісі қылмыстык заң және оның кұқық қолдану органдары тәжірибесінде дұрыс қолдануын, жаза тағайындаудың, қылмыстылықпен күрес жүргізудің ғылыми негіздерін белгілеп беру болып табылады.

Іздеу