Қылмыстылық ұғымы, оның сипаттамалары (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қылмыстылықтың теориялық аспектілері 5
1.1 Қылмыстылық ұғымы, оның сипаттамалары 5
1.2 Қылмыстылықтың классификациясы 8
2 Қылмыстылықтың қасиеттері 14
2.1 Қылмыстылықтың сандық сипаттамасы 14
2.2 Қылмыстылықтың сапалық сипаттамасы 15
3 Жасырын қылмыстылық 18
3.1 Жасырын қылмыстылық түсінігі 18
3.2 Жасырын қылмыстылықты анықтау әдістері 20
4 ҚР қылмыстылық деңгейін талдау 22
4.1 Өтпелі экономика жағдайындағы ҚР криминогенді жағдайына сипаттама 22
4.2 ҚР қылмыстылық деңгейін талдау 28
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32


Кіріспе

Мәселенің өзектілігі. Таптық қоғамда пайда болған қылмыстылық тиісті бір қоғамдық қауымдастықта өзіне тән нысандарға ие болды. Қылмыстылық қоғам үшін объективті түрде ғана қауіпті емес, гуманистік қағидаларға кереғар әлеуметтік үрдіс болып табылады.

Таяудағы уақытқа дейін арнаулы әдебиеттерде қылмыстылық тиісті бір мемлекетте белгілі бір кезеңде жасалған қылмыстардың жиынтығынан қалыптасатын  жаппай бұқаралық, тарихи, өзгермелі, әлеуметтік қылмыстық-құқықтық сипатқа ие таптық қоғамдағы құбылыс деп түсіндіріліп келді.

Тіпті, «қылмыстылық» өзінің құрамына әралуан күтпеген, кездейсоқ, төтенше құбылыстар жиынтығын топтастыратын болғандықтан, оның жалпы ұғымына күдіктер білдірілгені де ақиқат.

Қылмыстылық жекелеген қылмыстардың жиынтығын құрамайды дейтін болсақ, оның  «дербестігі» өзіне тән белгілі бір жағдай мен мән-жайларға байланысты болар еді.

Бәрінен бұрын айтқанда, қылмыстылық – жалпы­әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктеріне бағынышты заңды құбылыс, сонымен қатар жекелеген қылмыстар белгілібір жағдайға байланысты туындап және кездейсоқтық сипатқа ие болады.

Қылмыстылықтың дербестігі оны құрайтын жекелген қылмыстарға байланыстылығы оның мазмұнынан, сондай-ақ оның қоғамға кауіптілігінен байқалады. Н. Ф. Куз­нецованың «қоғамға қауптілік» белгісінің «қылмыстылық» ұғымының анықтамасына енгізілмеген дегеніне келісуге болмайды. Қоғамға қауіптілік – осы құбылыстың әлеуметтік мәнін көрсететін қылмыстылықтың ең негізгі белгілерінің бірі. Мұнымен бірге, ол жекелеген қылмыстың қоғамдық қауіптілік «қосындысына» қосылмайды, дербес мазмұн мен мағынаға ие болады. Айта кету керек; әлеуметтік жағдай ғана қылмыстылыққа әсер етпейді, сол сияқты қылмыстылық та әлеуметтік жағдайға кері әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, қылмыстылықтың қоғамдық қауіптілігі мынада, бұл құбылыс (жекелеген қылмыс емес) қоғамның әлеуметтік дамуын тежейді және оның алдында тұрған міндеттерін шешуге қиындық тудырады.

Кейбір ғалымдар қылмыс пен қылмыстылыққа  сапасы жағынан әрқилы құбылыс деп қарау жөнінде пікір айтады. Мұндай тұжырыммен келісуге болмайды, өйткені мұндай ойлар қылмыс пен қылмыстылықтың арасындағы байланыстарды үзіп оны жоққа шығарады және осы ұғымдарды абстрактілі теорияға айналдырға итермелейді.

Қылмыстылықтың мәнін жекелеген қылмыстардың жиынтығы арқылы ғана танып-білуге де болмайды. -кономика, идеология, мәдениет, әлеуметтік психология және сол сияқты салалардың қайшылықтарынан туындайтын әлеуметтік шындықтың басқа да құбылыстарын ескеру қажет. Тоқ етерін айтқанда, қылмыссыз қылмыстылық  болады деп ой тұжырымдауға мүлдем болмайды (А. Б. Сахаров, Д. Блувштейн, А. М. Яковлев).

Қылмыстылық тек қана қоғамда орын алады және ол тек қана әлеуметтік себептерден туындайды. Қылықтарды рұқсат етілген және тыйым салынған деп бөлудің, белгіленген тыйым салуды бұзғаны үшін жазалаудың өзі тіптен әлеуметтік феномен. Осыған байланысты осындай бөлушілік пен оны бұзушыға деген жауаптылық шарасын белгілейтін қылмыстық заңда осы әлеуметтік себептерге орай пайда болды. Қылмыстық-құқық саласында қалайда қателіксіз төрелік етудің, соның ішінде қандай қоғамның (билік етуші таптың ба) мүддесін қорғау жөнінде белгіленген шек пен өлшем жоқ. Осыған орай, қылмыстық заң қоғамдық-саяси жүйеге зиян келтіретін кез келген іс-әрекетті қылмыстық (және жазаланатын) деп санайды.

Курстық жұмыстың мақсаты: қылмыстылықты зерттеу

Міндеттері:

  • Қылмыстылықтың теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Қылмыстылықтың ұғымын, сипаттамаларын ашу;
  • Қылмыстылықтың себептерін зерттеу;
  • Қылмыстылықтың қасиеттерін талдау, оның сандық және сапалық белгілерін зерттеу;
  • Қылмыстылықтыңжасырын түрлерін зерттеу, оны анықтау әдістерін қарастыру;
  • ҚР қылмыстық жағдайын талдау

Курстық жұмыстың объектісі қылмыстылық құбылысы

Курстық жұмыстың пәні қылмыстылық құбылысының белгілері, сипаттамалары, қасиеттері

Іздеу