Қылмыстың көптілігін құқықтық реттелуі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қылмыстың теориялық құқықтық аспектілері 5
1.1 Қылмыстық құқықта қылмыс түсінігі 5
1.2 Қылмыстық жауаптылық түсінігі 15
2 Қылмыстың көптілігін құқықтық реттелуі 18
2.1 Қылмыстың көптігінің түсінігі 18
2.2 Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі 19
2.3 Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы 20
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29


Кіріспе

Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.

Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықтың тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Біздің мұнымен келісуміз керек. Себебі: азаматтардың бойына заң құрметтешілік дағдысын, мораль талаптарына жауап беретін тәртіп қалыптастыру барлық құқық салаларының алдында тұрған міндет. Сондықтан, қылмысты құқық – азаматтық, әкімшілік тағы басқа да құқық салаларындай тәрбиелік мәні бар әсер ету шаралары қолдануы қажет.

Жалпы  бұл жұмыста, қылмыстардың көптігінің түсігіні, оның жекелеген қылмыстардан ерекшелігі, ажыратылуы туралы айтылып кеткен.

Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады.      Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.

Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.

Қылмыстардың көптігі 3 түрге ажыратылады:

қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;

қылмыстардың жиынтығы;

қылмыстың қайталануы.

Қылмыс  пен бейморальдық қылық бірінен-бірі объекті, қоғамға қауіптілік, сондай-ақ құқыққа қайшылық белгілері бойынша ажыратылады.

Бейморальдылықтың объектісі қылмыстың объектісіне қарағанда кең ауқымда болады – адамдардың өзара қарым-қатынасы, мысалы, махаббат, достық, жанашырлық сияқты құбылыстар тек қана мораль нормалары ғана реттеледі. Бұл моральдық нормалардың объектісін құрайды. Қылмыс әр уақытта белгілі бір іс-әрекет, ал адамдардың теріс мінез-құлқы, жаман ойлары, соларды айтудың өзі моральға жат құбылыс болып табылады. Қылмысқа қарағанда моральға жат теріс қылықтан қоғамға келетін зиян едәуір аз. әдетте, моральға жат теріс әрекеттер ар-намысты аяққа басу, өзімшілдік сияқты зөара тіркес әлеуметтік психологиялық мазмұнға ие.

Қылмыстардың көптігін жекелеген қылмыстан, яғни қылмыстың бір ғана құрамының белгілерінен тұратын әрекеттен ажырата білу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты қылықтың бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың көптігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды.

Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады

Зерттеу жұмысының мақсаты: қылмыстың көптүрлілігін зерттеу

Зерттеу мақсатына жетуде келесі міндеттер алға қойылды:

  • Қылмыстың теориялық құқықтық аспектілерін ашу;
  • Қылмыстық құқықта қылмыс түсінігіне анықтама беру;
  • Қылмыстық жауаптылық түсінігін талдау;
  • Қылмыстың көптілігін құқықтық реттелуін саралау;
  • Қылмыстың көптігінің түсінігін зерттеу;
  • Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігін анықтау;
  • Қылмыстардың көптігінің ажыратылуын зерттеу.

Іздеу