Мемлекеттік аппарат түсінігі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Мемлекеттік аппарат түсінігі 5
2 Мемлекеттік аппарат құрылымы 7
3 Мемлекеттік органдар түсінігі, белгілері, түрлері 10
4 Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және
оның қызметінің қағидалары 17
5 ҚР мемлекеттік органдар жүйесі 19
6 Сот билігі 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


Кіріспе

 Мемлекеттік аппарат құрылымы мәселесі – бұл оның ішкі құрылымы туралы, оны құрайтын элементтер туралы мәселелер. Олай болса, мемлекеттік биліктің құрылымын әртүрлі қырынан, түрлі көзқараспен қарастыру қажет. Бұл мемлекеттік билік туралы және оның элементтері мен құрамдас бөліктері туралы тереңірек түсінік алуға мүмкіндік береді.

Ғылыми әдебиеттерде биліктің ерік-жігер және күш секілді екі құрылымдық элементтерін ажыратып қарастырады.

Ерік-жігер – биліктің анықтаушы элементі. Кез-келген билік – ол әлде кімнің ерік-жігерінің көрініс беруі. Мысалы, жеке адамның, адамдар ұжымының, таптың, халықтың және т.т. ерік-жігері. Билік ету – өз ерік-жігерін жүзеге асыру, оны біреуге күштеп таңу (күшпен мойындату), оған біреуді бағындыру (бағынышты ету). Мемлекеттік билік – бұл да біреудің ерік-жігері. Қазіргі уақытта оны не халықтың ерік-жігері, не болмаса қайсы таптың ерік-жігері, немесе қандай да бір әлеуметтік топтың ерік-жігері деп санайды.

Күш – ерік-жігерді нығайтады, оның өмірде жүзеге асуына жағдай туғызады. Күшсіз ерік-жігер басқаның қылығына ықпал етуге қабілетсіз болады, яғни өзін толық көрсете алмайды. Мемлекеттік биліктің күші оның абыройы, идеологиялық ықпалдары, мәжбүрлеуі, зорлап көндірулері арқылы көрінуі мүмкін. Мемлекеттік биліктің күші әлде қайда мемлекеттік биліктің органдарында, соның ішінде мәжбүрлеуші органдарда – армия, полиция және т.с.с. нақтырақ көрінеді. Өзінің ерік-жігерін көрсетуі кезінде мемлекеттік биліктің абыройы жеткіліксіз болса, әдетте сәйкес органдары арқылы мемлекеттік мәжбүрлеу тетіктері (механизмдері) әрекетке көшеді.

Егер, мемлекеттік аппарат серпіні бойынша қарастырар болсақ, онда іс жүзінде ол билік етушілер мен билікке бағыныштылар арасындағы туындайтын қатынастар ретінде, яғни  билік етушілердің ерік-жігерін жүзеге асырулары мен билікке бағыныштылардың осы ерік-жігерге мойын ұсынулары ретінде көрінетін болады.  

Егер, мемлекеттік аппарат серпіні, әрекет етуі бойынша қарастырар болсақ, онда мемлекеттік биліктің құрылымынан келесі элементтердің қалай көрініс беретіндігін ажыратып қарастыруға болады:

Билік субъектлері – бұл мемлекеттік билікті алып жүрушілер, яғни оларға мемлекеттік билік тиесілі болады. Әдетте, мемлекеттік биліктің субъектлері ретінде қазіргі сәтте мемлекет кімнің ерік-жігерін, кімнің мүддесін білдіретін болса, соларды атайды. Сонымен бірге, кей кездері мемлекеттік биліктің субъектлері ретінде не жалпы алғандағы мемлекетті, немесе оның органдарын қарастырады.

Билік объектлері – бұл билікке бағыныштылар, яғни мемлекеттік билік оларға бағытталып жүргізіледі. Әдетте, мемлекеттік билік объектлеріне жекелеген тұлғаларды, олардың бірлестіктерін (ұйымдарын), әлеуметтік және ұлттық қауымдарды, таптарды, жалпы алғандағы халықты жатқызады.

Биліктік қатынастар – бұл мемлекттік билікті жүргізу, жүзеге асыру барысында билік субъектлері мен билік объектлері арасында туындайтын қатынастар. Мұндай қатынастар, бір жағынан билік субъектлерінің ерік-жігерінің көрінісі арқылы, кейде тіптен билік объектлеріне күштеп таңу арқылы білдірілетін болса, екінші жағынан билік объектлерінің билік субъектлеріне бағынуы арқылы көрініс береді.

Билікті жүзеге асыру құралдары – бұл мемлекеттік биліктің өзінің әрекет етуі үдерісінде сүйенетіндері. Мемлекеттік билік билік құралдарының көмегімен жүргізіледі, жүзеге асырылады. Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың арнайы құралдары болып мемлекеттік органдар (мемлекеттік аппараттар) және позитивті құқық нормалары табылады.

Мемлекеттік аппараттың құрылымын басқа да қырынан қарастыруға болады.

Билікті бөлу ұстанымы (принципі) бойынша, көптеген заманауи мемлекеттердің, соның ішінде біздің де еліміздің мемлекеттік билікті ұйымдастыру тәжірибесінде өз орынын тапқан, мемлекеттік биліктің заңдық билік тармағы, атқарушы билік тармағы және соттық билік тармағы секілді билік элементтерін (тармақтарын) атап айтуға болады.

Мемлекеттік билікті аумақтық ұйымдастыру бойынша билігі елдің барлық аумағына тарайтын орталық (жоғарғы) билік және іс-әрекеті сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылым шеңберінде шектелетін жергілікті билік деп бөліп қарастыруға болады.

Жұмыстың мақсаты:  мемлекеттік аппараттың қызметін зерттеу зерттеу мақсатына сай келесі міндеттері анықталды:

  • Мемлекеттік аппарат түсінігін ашу;
  • Мемлекеттік аппарат құрылымына талдау жасау;
  • Мемлекеттік органдар түсінігі, белгілері, түрлерін анықтау;
  • Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаларын зерттеу;
  • ҚР мемлекеттік органдар жүйесіне таллдау жасау;
  • Сот билігіне сипаттама беру

Іздеу