Мемлекеттік басқару түсінігі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері 5
1.1 Мемлекеттік басқару түсінігі 5
1.2 Мемлекеттік басқарудың негізгі бағыттары 10
2 Мемлекеттік басқарудың әдістері және
қағидаларының ерекшеліктері 16
2.1 ҚР мемлекеттік басқарудың механизмі 16
2.2 Мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері 18
3 Мемлекеттік басқарудың әдістері және қағидаларын
жетілдіру жолдары 21
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32


Кіріспе

Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын әдістері және қағидалары болады. Мемлекеттік әдістері мен қағидалары – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының басқаруындағы құралдар жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.

Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет  қызметін атқаруға қажет болғанда ғана  құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын  органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.

Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.

Мемлекеттік басқару органдары – бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы ұйымдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы  реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.

Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынандай органдардан тұрады:

Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді:

Жоғары өкілдік орган – Парламент. Парламент – бірден –бір заң шығаратын орган.

Жергілікті өкілдік органдар – оюлыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.

Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет  басшысы – Президент.президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді.

Атқарушы орган. Қазақстанда жооғары атқарушы орган – Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.

Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.

Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады.

Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.

Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.

Барлау, қарсы барлау органдары.

Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.

Мемлекеттік басқарудың негізгі құрылымдық бөлімі – мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз – билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі – лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету – қоғамның міндеті.

Мемлекеттік органның биліктік өкілеттері болады. Олар:

  • атқарылуы міндетті болып келетін нормативтік- құқытық актілерді қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер;
  • мемлекетік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып, алуан түрлі әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру, оларды орындауды қамтамассыз ету болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттік басқарудың әдістері және қағидаларының ерекшеліктері

Мақсатқа сай келесі міндеттер анықталды:

  • Мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Мемлекеттік басқару түсінігін ашу;
  • Мемлекеттік басқарудың негізгі бағыттарын талдау;
  • Мемлекеттік басқарудың әдістері және қағидаларының ерекшеліктерін зерттеу;
  • ҚР мемлекеттік басқарудың механизмін жасау;
  • Мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістерін талдау;
  • Мемлекеттік басқарудың әдістері және қағидаларын жетілдіру жолдарын анықтау.

Іздеу