Мемлекеттік басқаруды құқықтық қамтамасыз етудің маңызы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық қамтамасыз етудің теориялық негіздері
1.1 Мемлекеттік басқару: ұғымы, қоғамдық жүйедегі басқару салалары
1.2 Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамассыз ету және оңтайлылық
1.3 Шет елдегі басқарудың жолдары, құқықтық ерекшеліктері
2 Мемлекеттік басқаруды құқықтық қамтамасыз етудің маңызы
2.1 Мемлекеттік басқарудағы заңдылықтың мәні және рөлі
2.2 Мемлекеттік басқарудың айқындығын қамтамасыз етудің кейбір аспектілері
2.3 Мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтары мен міндеттері
3 Бүгінгі мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Қазіргі кездегі басқарудағы негізгі проблемалар
3.2 Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтің мемлекеттік қызметшілерге жолдауы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Басқару қоғамдық құбылыс ретінде түрлі сипаттарға ие, түрлі элементтер мен байланыстардан турады. Басқаруда басқарудың объектісі мен нысаны адам болып табылады. Басқару табиғат, адам, қоғамның механизмінің құрамына кіреді.

Курстық жұмыстың тақырыбы мемлекеттік басқарудағы құқықтық қамтамасыз ету жағдайлары.

Мемлекеттік басқару – мемлекет ішінде әсер ету салаларын белгілу арқылы негізгі территориалды деңгейлер мен билік беліктері арасындағы қатынастарды реттеу процесі. Мемлекеттік  басқару негізінде мемлекет тутастығын, оның кілтті институттарын қорғауға, оған бағынушылар өмірінің сапасы мен деңгейін қолдауға бағытталған мемлекеттік қызығушылық жатыр. Қоғамдық қызығушылықты  жүзеге асыруға бутылған приоритетті бағыттардың ішінде келесі бірнеше функцияларды орындау қажеттілішгі жатыр: қорғау, қорғану, әлеуметтік, құқықтық, экономикалық, саяси және арбитраждық.

Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік басқарудағы құқықты қамтамасыз ету жағдайларының теориялық негізін қарастыру. Зерттеу барысында қарастырылатын негізгі мәселелер:

- мемлекеттік басқару ұғымы;

- қоғамдық жүйедегі басқару салалары;

- мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамассыз ету;

- мемлекеттік өкімет органдарының міндеттері;

- қазіргі кездегі мемлекеттік басқару жағдайы.

Заңдылықты қамтамассыз ету мүддесі бір жағынан, мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымында, екінші жағынан Конституцияны және ҚР заңдарын тәжірибелде жүзеге асыруға жағдай жасайтын құралдар және кепілдер жүйесі. Бұндай тәсілде мемлекеттік басқаруда, барлық құрылымдарды оңтайлы қолдануда, мемлекеттік аппаратта бар нысандармен тәсілдер, олардың бөлек органдары, қоғамдық бірігулер және азаматтарды заңдылықпен қамтамассыз ету жүйелікке жетеді. Мемлекеттік басқару қоғам дамуының барысында қоғамдық қатынастардың реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқарудың қызметі - оның мақсатымен анықталатын басқарушылық іс-әрекеттің еркін, дара бағыты, түрі.

Іздеу