Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік құқығының ұғымы мен негізгі түрлері (Реферат)

Кіріспе 3
1. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың
бірлестіктерінің меншік құқығының ұғымы мен непзгі түрлері 6
2. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығына
ие болу объектілері мен негіздері 10
3. Шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік
қоғамдардың меншік құқығы 15
4. Өндірістік кооперативтердің меншік құқығы 17
Қорытынды 20
Әдебиет 21


Кіріспе

Мемлекеттік емес занды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі жеке меншіктің кеңінен тараған түрінің бірі болып табылады.

Жекешелендіру үрдісі кезінде жеке меншікке негізделген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қолындағы мүліктердің саны күрт өсіп кетті.

Азаматтық кодекс мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқылық түрін қарастырады. Осыған байланысты мемлекеттік емес занды тұлғалардың меншік құқығы институты шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік коғамдардың (компаниялардың) меншік құқығы және өндірістік кооперативтердің меншік құқығы деп бөлінеді.

Арнайы қабылданған зандар, сондай-ақ кондоминиумдердің меншік құқығын, шетелдік заңды тұлғалардың, халықаралық ұйымдардың меншік құқықтарын, шетелдіктердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындардың меншік құқығын қарастырады.

Көптеген дамыған елдерде мемлекеттік емес заңды тұлғалар жалпы тұжырым бірлігімен сипатталады. Яғни, оның бәрі де заңды тұлға, сонымен бірге өз мүлкінің меншік иесі ретінде көрінеді. Компаниялардың мүлікке қатысушылардың ешқандай ұжымдык немесе үлестік меншігі ешқашан, еш жерде болған емес. Әдетте олар бірлескен тұлғалар, бірлескен капитал ретінде ерекшеленеді. Айта кететін жайт, компанияның қатысушылары қатысушылардың қарыздарына ешқандай жауапкершілікті мойындарына алмайды. Олардың салымдары тиісті компанияның меншігіне айналады.'

Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік  емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік құқығын зерттеу

Міндеттер

  • Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік құқығының ұғымы мен непзгі түрлерін зерттеу;
  • Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығына ие болу объектілері мен негіздерін талдау;
  • Шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік қоғамдардың меншік құқығын анықтау;
  • Өндірістік кооперативтердің меншік құқығына сипаттама беру.

Іздеу