Мемлекеттік кәсіпорындар түсінігі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің теориялық аспектілері 5
1.1 Мемлекеттік кәсіпорындар түсінігі 5
1.2 Мемлекеттік кәсіпорындар міндеттері 9
2 ҚР мемлекеттік кәсіпорындар қызметі 14
2.1 Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорын 14
2.2 Қазыналық кәсіпорын 17
2.3 Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын 19
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24


Кіріспе

Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.

Меншiк нысандарына қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қорларын қалыптастырудың ерекшелiктерi болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады; меншіктi көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi; бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар; мемлекеттiк кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары. Практикада көбiнесе меншiктiң аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздерi бойынша оларды құрудың аралас нысандары көздеседi. Мысалы, негiзгi құралдар мен айналымдағы  активтердiң үлкен бөлiгi мемлекетке жататын мемлекеттiк кооперативтерде қызметкерлердiң үлестiк жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлiк қоғамдарда да осылай.

Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардын мүлкiн жалға бергенде айрықшалықты төлем — жалға берiлген мүлiк құнынын амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзiмiнiн өтуiне қарай объектiлердi жөндеу үшiн жалдаушының жалға берушiге берітiн қаражаттарын, жалға алынған мүлiктi қоғамдық қажеттi пайдаланудан түсетiн пайданың (табыстың) бiр бөлiгiн (жалгерлiк пайызды) кiрiктiретін жалгерлiк ақы қолданылады.

Өндiрiстiн бастапқы қорларынын қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтің мынадай қаржылық нәтижелерi бөлiнедi және пайдаланылады: жалпы табыс, пайыздық табыс, дивиденттер, үлестiк табыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердiң) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.

Үлестiк жарна негiзiнде жұмыс iстейтiн кәсіпорындардың - шаруашылық серiктестiктерiнiң, кооперативтердiң, бiрлескен кәсіпорындардың қаржысын үйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбiр қатысушының - мүлiктегi үлесiне сәйкес кейiнгi бөлудiң ерекшелiктерiмен анықталады. Мұндай кәсiпорындардын құрылтайшылары мен қатысушылары өздерiнiң салымдарын ақша қаражаттары, мүлiктiң әр түрлі түрлерi (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлiктi құкықтар (жердi, табиғи ресурстарды, мүлiктi, зияткерлiк (интеллектуалдық) меншiктi пайдалану құкықтары) түрiнде жүзеге асырады.

Экономикада едәуiр орынды мемлекеттiк сектор алады. Бұл секторда кәсіпорындардың мынадай тұрлерi жұмыс iстейдi:

1) шаруашылық жүргiзу құкығына негiзделген кесiпорындар; бұл құкық мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және осы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құкықтарын заңнамада белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсіпорынның заттық құкығы болып табылады;

2) жедел басқару құкығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсіпорындар. Бұл құкық қазыналық кәсіпорынның меншiк иесiнен алған және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмалары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес заңнамалық актiлерде белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын заттық құкық болып табылады.

Мемлекеттiк меншіктiң түрiне қарай кәсiпорындар:

1) республика меншiгiндегi кәсiпорындар — республикалық мелмлекеттiк кәсіпорындар;

2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар — коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлiнедi;

Басқа мемлекеттiк кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Мемлекеттiк кәсіпорын үшiн мемлекеттiң тапсырмасын орындау мiндеттi болып табылады. Мемлекеттiк кәсіпорындар қызметiнiң негiзгі мiндет-мақсаты (арналымы) қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлуеметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады, олар:

1) мемлекеттiң қорғаныс қаблетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау;

2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтыған немесе жеткiлiксiз қамтылған қоғамның өндiрiстiң сфералары мен салаларында бiрiншi қажеттіктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);

3) мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттiң функциясы болып табылатын сфералардағы қызметті жүзеге асыру.

Кәсіпорынға қатысты уәкілдi орган меншiк иесiнiң және мемлекеттiк басқару органдарының басқару функцияларын орындайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: мемлекеттік кәсіпорындарды зерттеу

Міндеттері:

  • Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Мемлекеттік кәсіпорындар түсінігін ашу;
  • Мемлекеттік кәсіпорындар міндеттерін анықтау;
  • ҚР мемлекеттік кәсіпорындар қызметін талдау;
  • Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорындарды зерттеу;
  • Қазыналық кәсіпорынарды зерттеу;
  • Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарды талдау.

Іздеу