Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы (Реферат)

Кіріспе 3
1. Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы 4
2. Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері 6
3. Мемлекеттік меншік құқығының объектілері 8
4. Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны 11
5. Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды мемлекет 12
иелігінен алу және жекешелендіру 14
6. Шаруашылық жүргізу құқығы 16
7. Оралымды басқару құқығы 19
Қорытынды 21
Әдебиет 22


Кіріспе

Заң әдебиеттерінде мемлекеттік меншік түсінігі ерекше орныға ие болды Мемлекет өзінің кесіпорындарында, қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерге мүлікті иелену құқығын бергенімен, мемлекет меншік иесі ретінде бұл мүліктерге иелену құқығын сақтайды. Өйткені, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқықтық өкілеттікті иеленуі мемлекет иелігін жоққа шығармайды, ол көлемі бойынша да, мақсаты бойынша да бір-біріне сай келмейді.

Қазіргі таңда мемлекеттік занды тұлғалардың иелену құқығы мемлекеттік иелену құқығымен салыстырғанда, оның бір бөлшегі, тұтас нәрсенің бір бөлігіндей ғана болады. Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын және мекемелер салалық мүліктік кешен ретінде мемлекеттік меншіктің объектісі болып табылады, демек оның иелігінде болады. ("

Мемлекеттің билік ету құқығы мемлекеттік мүлікті иелену мен пайдалану, мүлікті бөлу, ұтымды құқықтық әдістерді айқындау, сол арқылы мемлекеттік меншікті басқаруды өз дәрежесінде жүзеге асыру тәртібін белгілеуінен тұрады. Мемлекеттің билік ету құқығы жаңа нормаларды шығару, оларды өзгерту мен тоқтату, сондай-ақ оралымды қызмет процесінде өндірістің каржылары мен өнімдерін ұйымдастыру жөніндегі әкімшілік актілердің көмегін пайдалана отырып жүзеге асы-рады.

Мемлекеттік биліктің билік етуге байланысты қатынастары Азаматтық кодекстен басқа да көптеген заң актілерімен реттеледі. Мысалы, "Жекешелендіру туралы" Жарлықтың І6-бабы негізіндежекешелендіругежататын кәсіпорын занды тәртіпке сай акционерлік қоғамға айналуы мүмкін, бұл орайда кейіннен сатып алу құқығы сенімділік басқаруға немесе жалға беріледі.

Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік  меншік құқығын зерттеу

Міндеттер

  • Мемлекеттік меншік құқығының ұғымын зерттеу;
  • Мемлекеттік меншік құқығының субъектілерін талдау;
  • Мемлекеттік меншік құқығының объектілерін зерттеу;
  • Мемлекеттік меншік құқығының мазмұнын ашу;
  • Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды мемлекет иеліпнен алу және жекешелендіруді зерттеу;
  • Шаруашылық жүргізу құқығын талдау;
  • Оралымды басқару құқығын зерттеу.

Іздеу