Мемлекеттің пайда болу теориялары және ұғымы мен белгілері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Мемлекет теориясының негіздері
1.1 Мемлекеттің пайда болу теориялары және ұғымы мен белгілері
1.2 Мемлекеттік органның маңызы мен құзыреті
1.3 АҚШ мемлекетінің үкіметі
2. Мемлекеттік орган мен ұйымдардың мемлекеттік басқарылуы
2.1 Мемлекеттің механизмі
2.2 Мемлекеттік орган және оның мемлекет механизміндегі орны
2.3 Мемлекеттік органның түрлері мен қызметі
3 Мемлекеттік механизмді жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Мемлекет туралы әңгімені бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандай да бір өзара қарым – қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпалете алатындығын ескереміз.Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объективті түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін «өсуі» керек.

Мемлекет тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол рулық басқару жүйесін жоққа шығару және сонымен бір мезгілде оның өзіндік бір жалғасы болып табылды. Олардың арасында жақсы жаңалықтан кенде емес кейбір институттардың сабақтастығы айқын көрініп тұрды. Біріншіден, рулық басқарудың көптеген институттары (мысалы, процедурасы күрделі және қатысушылары тең құқықты жалпы жиналыс) ысырылып тасталып, билік ету – мәжбүрлеу бағытындағы басқасымен алмастырылды. Екіншіден, рулық басқарудың бірқатар институттары (мысалға, әскери басшылар мен көсемдер немесе сайлау институты ) елеулі өзгерістерге ұшырап, қоғамның тіршілік әрекетінде жаңа жағдайларға бейімделді, сипатын, функциясы мен міндетін өзгертті, қалай болғанда да сақталып қалды.Үшіншіден, бұл процесте басты нәрсе әлеуметтік жағынан әр алуан, антагонизмдерімен және күресімен сипатталатын қоғамға арналған әкімшіл – бұйрықшыл, сипатындағы жаңа институттардың қалыптасуы, апробациялануы, іріктелуі, жетілдірілуі болып отыр.

Әр халықтың нақтылы тарихи тұрмыс жағдайы қоғамдық өмірдің рулық жүйесінің ыдырау процесіне және мемлекеттің пайда болуы мен оны басқаруға әсер етпей қоймады. Қазақстанның аумақтық, табиғи – географиялық, топырақ – климаттық жағдайлары, оны мекендеген халықтың ерекшеліктері алғашқы қауымдық құрылыста және одан кейінгі кезеңдерде басқару нысанын қалыптастырып, дамытуға, ұйымдастыруға және тіршілік етуін қамтамасыз етуге әсер етті. Далиған кең даланың өзі де алғашқы тобырдың, қауымның, тайпаның бір орында тұрақтамай, үнемі көшіп – қонып жүруіне жағдай туғызғандай еді.

Осының барлығы аталған аумақта мемлекеттіліктің пайда болу процесінің бірқатар ерекшеліктерінің болуына алып келді.   

Іздеу