Меншік құқығы туралы жалпы ережелер (Мәлімет)

§ 1. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ МЕН МАЗМҰНЫ
§ 2. АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
§ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ
§ 4. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУ НЕПЗДЕРІ
§ 5. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ


  • 1. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Меншік кай коғамның да сан кырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондыктан да меншік құқығынқұқық институты ретінде караған кезде оны меншіктен шығатын экономикалык категория деп түсіну керек.

Меншік дегеніміздің өзі материалдык игіліктерді  табиғаттың өнімдері мен еңбекті  меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи коғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.

Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.

Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы меншік құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективті жағдайдағы меншік құқығы деп бөледі.

Материалдык игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты коғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс, заңдар мен басқа да заңдық, нормативтік кұжаттар) әңгіме болғанда  шын мәнінде объективтік мағынадағы меншік құқығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз (мысалы, АК-тің 188-276-баптары). Меншік құқығының объек-тивті нормалары негізінде нақтылы меншік иесі өз қалау ы бой-ынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына және оған билік ету-ге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі заңдық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік құқығының субъективті жағына тап боламыз (АК-тің 188-бабы).

Азаматтық кодекстің 188-бабында меншік құқығына мынадай аныктама берілген: "Меншік құқығы дегеніміз  субъектінің заң кұжаттары арқылы танылатын және корғала-тын өзінетиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы".

  • 2. АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады,"  деп жазылған.

"Игілік" пен "ауыртпалық" тіркесінің өзі, дейді Е.А.Сухапов,  нағыз меншік иесін сипатгайды және осы екі элементтіц біреуінін болмауы иеленушіпі шын мәніндегі қожайын етуге мүмкіндік бермейді". Суханов Е.А. "Лекции о прапе собственности",

   Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанда  жеке (191 -бап) және мемлекеттік (192-бап) екендігін тәртіптейді.

Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді.

Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, занды тұлғалар мен азаматтар бола алады.

Заң меншікті түрлерге де бөледі. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттік меншік республжалық және комму налдык болып екіге бөлінеді (192-бап).

Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті бас-қару жергілікті атқару органдарының қарауына жатады делінген.

Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің органдары мен мемлекеттік занды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде кіреді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкіметбилігі мен басқа органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін ай-қындайтын заң құжаттарында, ережелерде және өзге де құжаттарда белгіленетін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.

Заңдарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңдытұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК-тің 111-бабының 1 және 2 тармақтары).

Іздеу