Мердігерлік шарт түсінігі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Мердігерлік шарттың теориялық аспектілері
1.1 Мердігерлік шарт түсінігі 4
1.2 Мердігерлік шартты қолдану жағдайлары 5
2 Мердігерлік шарт мазмұны 7
2.1 Мердігерлік шарт нысаны 7
2.2 Мердігерлік шарт құрылымы 8
3 Мердігерлік шарт түрлері 9
3.1 Тұрмыстық мердiгерлiк 9
3.2 Құрылыс мердiгерлiгi 22
3.3 Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi 30
4 Тәжірибелік бөлім 35
Қорытынды 38
Қолданылған әдебиеттер тізімі 39


Кіріспе

Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.

Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн, бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi.

Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметi жалпы түрде реттеледi, өйткенi ол тұлға мердiгерлiк шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметiнiң нәтижесiнде оны беру бойынша мiндеттi де қамтиды. Сондықтан мердiгерлiк шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетiлген қызметтi реттеу бойынша ережелерiмен елеулi ерекшеленсе де, жасалған мүлiктiң өзi және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердiгерлiк шартының тараптардың құқықтары мен мiндеттерi бойынша сатып алу-сату шартымен ортақтығы болып келетiнiн тануымыз мүмкiн. Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердiгерлiк қатынастардың жақындығы жөнiнде айтылады. Бiрақ негiзiнен мердiгерлiк қатынастарды сатып алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушыларының құқықтары және мiндеттерi жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрiнедi.

Курстық жұмыстың мақсаты мердігерлік шартты құқықтық қамсыздандыруын зерттеу

Міндеттері:

  • Мердігерлік шарт түсінігін ашу;
  • Мердігерлік шарт мазмұнын талдау;
  • Мердігерлік шарт түрлерін зерттеу.

 

Іздеу