Муниципалды басқарудың мәні (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Муниципалды басқарудың мәні мен теориялық негіздері
1.1 Муниципалды басқарудың мәні мен мазмұны
1.2 Муниципалды басқарудың экономикалық механизмдері
1.3 Муниципалды басқарудың шетелдік тәжірибелері мен модельдері
2 Муниципалды басқарудың әлемдік тәжірибелері
2.1 Шығыс азиялық басқару құрлымы
2.2 Еуропалық өзін-өзі басқару құрлымы мен тәжірибелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Мемлекеттік билікті орталықсыздандыру мен қоғамды  демократияландыру аясында жергілікті мемлекеттік басқаруды жаңартуды саясаттанулық тұрғыда зерттеу бүгінгі күннің  өскелең талабы. Саяси жаңарудың барлық кешенінің шешімі жағдайдың тұрақсыздануына, азаматтық жанжалдар  мен сілкіністерге жол берілмеуіне  негізделген. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев саяси реформаларды жүзеге асыру жолындағы асығыстыққа өзінің қарсы екендігін үнемі ескерте отырып, саяси реформаларды іске асыру кезінде көп этностық қоғамда рухани келісім мен тұрақтылықты сақтап қалу қажет екендігін түсіндіреді. «Мен эвалюциялық дамудың, яғни қоғамды бірте-бірте, обьективті жағынан даярланған реформалаудың жақтаушысымын» - дейді Н.Назарбаев. Дербес дамудың өткен 14 жылында Қазақстан өзінің ұлттық мүделерін, сыртқы саяси бағдарлары мен іс-әрекеттерінің және ішкі саяси бағдарламасын белгілей алды.

Муниципалды басқаруды аумақтық ұжым тікелей сайлау жолымен, сондай–ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

Муниципалды басқару органдарына іс жүзінде танылған қоғамдық өзін-өзі бақару комитеттері, жолдастық соттар, ерікті халық жастары, көше, үй және квартал комитеттері, халықтың өз күштерімен құрған өзге де ұйымдары жатады.

Муниципалды басқару нысандарына халықтың жергілікті сұрау салуын, жиналыстары мен нысандарын, халықтың тұратын жеріндегі кәсіби және өзге де ерік білдірулерін жатқызуға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты – дамыған шетелдік мемлекеттердің жергілікті жерлердегі өзін–өзі басқару тәжірибелерін пайдалана отырып, экономикамызды көтеруге үлес қосу. Жұмыстың өзекті мәселесіне – еліміздегі жергілікті өзін - өзі басқарудың мәні мен қоғам өміріндегі маңызы, оның құрылымы, қызметі мен облыстық деңгейде басқару әдістерін жан-жақты ашып көрсету.

Іздеу