Мұрагерліктің теориялық құқықтық негіздері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Мұрагерліктің теориялық құқықтық негіздері 5
1.1 Мұрагерліктің ұғымы және түрлері 5
1.2 Мұраның ашылуы 6
2 Өсиет бойынша мұрагерліктің құқықтық реттелуі 7
2.1 Өсиет бойынша мұрагерлік түсінігі 7
2.2 Өсиеттен бас тарту ( легат) 10
3 Заң бойынша мұрагерлік. Мұраны алу 13
4 Соттардың мұрагерлік құқық нормаларын қолдану
жөніндегі сот практикасына шолу 19
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35


Кіріспе

 Мұрагерлік құқық азаматтық құқыктың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық - қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша.

Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады.

Мұрага ие болудың келесі кезеңдері бар:

Бірінші кезекте, мұраға тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның ішінде қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы ие болады.

Заң бойынша мүрагер болу құқығын, екінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бір, ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі алады.

Үшінші кезекте, тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады. Туыстық дәрежесінің жақындығы ортақ ата-бабасының туу саны негізінде анықталады. Әрбір дүниеге келу бір ата (бір туыстық) дәрежесі деп аталады. Жалпы АК 1064-1068 баптары бойынша мұраға ие болу кезегі жетіге дейін болуы мүмкін. Мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екінші жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңеледі және т. с. с. Жақын туыстар деп ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек емес ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, аға-қарындастар, ата, әже немерелерді айтуға болады.

Әр азамат тірісінде өз дүние-мүлкін кімге болса да мұра етіп қалдыра алады. Өсиет бойынша мұрагерлік дегеніміз - заңда көрсетілген ретпен жасалған азаматтың өз дүние мүлкін кімге қалдыру жөніндегі тірі кезінде жасалған ерікті тапсырмасы. Өсиет жазбаша түрде жасалады. Оны нотариалдық кеңсе немесе жергілікті әкімшілік растайды. Өсиет қағазына мұра қалдырушы қол қояды. Егер халінің нашар болуына немесе басқа себептермен өсиетке қол қоя алмайтын болса, ол үшін басқа адам қол қояды, бірақ бұл кезде оның жанында нотариус немесе басқа лауазымды адам болуға тиіс. Әрекет қабілеттілігі жоқ адам, болмаса өз әрекетінің мәнін түсінбейтін адам өсиет қағазына қол қоя алмайды. Мұра қалдырушы өз өсиетін өзгертуге де, жоюға да ерікті және кейінгі жасаған өсиет қағазы алдыңғыларын жоққа шығаралады.

Өсиет бойынша мұрагерлер мыналар болуы мүмкін:

  • заңға сай мұрагерлер;
  • заң бойынша мұрагерлікке кірмейтін бөтен адамдар;
  • мемлекет пен жеке үйымдар.

Мұра ашылғаннан кейін заңда көрсетілген мерзім ішінде (6 ай, Азаматтық Кодекс 1063-бап) мұрагер ол мұраны қабылдай алады.

Курстық жұмыстың мақсаты мұрагерлік құқықтың маңызды саласы болып табылатын мұра алудың ұүұұытыұ негіздері мен реттелуін зерттеу

  • Мақсатқа сай келесі міндеттер анықталды:
  • Мұрагерліктің теориялық құқықтық негіздерін ашу;
  • Мұрагерліктің ұғымы және түрлерін анықтау;
  • Мұраның ашылуын талдау;
  • Өсиет бойынша мұрагерліктің құқықтық реттелуін зерттеу;
  • Өсиет бойынша мұрагерлік түсінігін зерттеу;
  • Өсиеттен бас тарту ( легат) мәнін ашу;
  • Заң бойынша мұрагерлік және мұраны алудың негіздерін зерттеу.

Іздеу