Міндеткерлікті орындауды қамсыздандыру түсінігі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Міндеткерлікті орындауды қамсыздандыру түсінігі 5
2 Міндеткерлікті орындауды қамсыздандыру құралдарының түрлері 7
3 Кепілдік құқықтық қатынастардың түсінігі және мазмұны 9
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22


Кіріспе

Міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата түруы. Міндеттемені орындау көбіне-көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді.

Міндеттемені орындаудың алдына қоятын максаты болады. Міндеттемені орындау аркасында азаматтардың, занды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдык жәнеруханиқажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқтатылуына әкеледі.1

Міндеттемені орындаудың құқықтық тәртібі АК-тің 272-291 баптарында, міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін (мысалы, сатып алу-сату, жеткізу, келісім-шарт, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, жалға беру, мердігерлік және т.б.) нормативтік актілерінде бекітілген.

Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оган міңдеттемені тиісті дәрежеде орындау (272-бап) және міндеттемені нақты орындау (354-бап) жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені зандардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын білдіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда  дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты міндеттемелерді орындау және міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді зерттеу

Міндеттер

Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптерін зерттеу;

Міндеттемені орындау субъектілерін анықтау;

Орындау пәнін зерттеу;

Міндеттемені орындаудың мерзімі, орны, тәсіліне талдау жасау;

Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің уғымы мен әдістерін талдау;

Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістерін зерттеу;

Айып төлеуді талдау;

Кепіл, Борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу, Кепіл болушылық, Кепілдік, Кепілпұлға сипаттама беру

Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді.

Демек, міндеттемені орындамау не тиісті дәрежеде орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау оның бұзылуы деп есептелінеді. Орындау мүмкін болмаған жағдайда тараптар бір-біріне шұғыл хабарлауға міндетті. Міндеттемені орындамағаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі.

Міндеттемені бұзған борышкер несие берушіге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге міндетті. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі. Мұнымен қоса, міндеттеменің бұзылуынан келтірілген моральдық нұқсан да өтелуі мүмкін.

Мәміленің тарабы ақша міндеттемесін орындамаудың салдарынан, біреудің ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны немесе оларды төлеу мерзімін өткізіп жібергені, не оларды негізсіз алғаны немесе басқа адамның есебінде сақтағаны үшін осы құжаттардың сомасында пайыздар төленуге тиіс

Міндеткерлікті орындауды қамтамасыз ету әдістерін өздерінің сипаттарына карай төрт топқа бөлуге болады. Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемені орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал шегуінен (айып төлеу, кепілпұл) көрінеді.

Сондықтан да міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуга бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар балып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарында каралған міндеттемелерге қолданады. Азаматтық кодекстің 292-бабынын талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлету, кепіл, борышқордың мүлігін алыпқалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады.

Іздеу